Қ.Сәтбаев атындағы мектеп - гимназиясында Қ.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» іс- шарасы аясында «Сәтбаевта қанаттанып, Сәтбаевтан түлегендер» тақырыбында мектеп түлектері Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық университеттің түлектерімен және аталған мектептің түлегі кен инженері-маркшейдер,
техника ғылымының докторы, профессор, Экология академиясының корреспондент мүшесі, Халықараралық Ақпараттандыру академиясының академигі Пентаев Төлеубек Пентайұлымен қызықты кездесу өткізді. Іс –шараның мақсаты оқушылардың мамандық таңдауына, өмірдегі орындарын табуына жол сілтеу, көмек көрсету, Сәтбаев мектебін бітірген мектеп түлектерінің Сәтбаев университетінде оқып тәлім алып жүргендерін, ұлттық университеттің ерекшеліктерімен таныстыру болатын.
Кеш қонағы Пентаев Төлеубек 1954 жылы. Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектепке қабылданып, 1965 жылы үздік бітірген.1965 жылы ҚазПТИ тау-кен факультетіне
маркшейдер мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1970 жылы бітіріп шыққан.Ғылыми Академияның тау-кен институтында жұмыс жасаған. Қызмет жасай жүріп, аспирантурада оқыған. 1983 жылы кандидаттық диссертация қорғап,1989 ж. ААСИ-ге мұғалімдік қызметке шақырылады. Онда доцентік, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі , академиялық профессор қызметтерін атқарған. 2001 ж. Докторлық диссертация қорғайды. 2009ж. ҚазПТИ-де «қолданбалы геодезия және жерге орналастыру» мамандығының ашылуына байланысты профессорлық қызметке ауысады. 2012ж. Қазаграрлық университетке «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасына ауысып, онда 2016ж. дейін профессорлық қызмет атқарды. 2016ж. ҚазҰУ –нің «геодезия және геоинформатика» кафедрасына ауысып, осы кезге дейін ҚазҰУ жұмыс жасайды.Ғылыми –педагогикалық қызметте жүріп 200-ден астам ғылым және оқу – әдістемелік еңбектер жазған, соның ішінде 7 оқулық және оқу құралы, 2 монография, 4 терминдік сөздіктер,8 авторлық жаңалықтармен патенттер бар. Бұл күнде техника ғылымдарының докторы деген ғылым дәрежесі, профессор , НАК «Экология» коор.мүшесі,МАИН –академиясының толық мүшесі. Ғылыми жетекшілік етуі бойынша 18 магистрлік, 5 докторлық диссертациялар қорғалған.
Академиктің алтын ұясына келуін мектеп оқушылары домбырашылар оркестрінің орындауындағы күй шашуымен қарсы алды. 1965 жылғы мектеп түлектері академиктің сыныптас достары гүл шоқтарымен қарсы алып, өзара қуанышты ой бөлісумен мектеп музейін аралап,музей мұрағатында сақталатын "Ізгі тілек"дәптеріне өз қолтаңбасын қалдырып, жастық шақтарын есіне алды. Кездесудің негізгі бөлімі мектептің акт залында Академиктің шығармашылық өсу жолына арналған таныстырылымды тамашалаумен жалғасты. Мектеп оқушыларының құттықтауы арнау өлеңдер оқылды, ән шырқап,би билеп берді. Әсіресе Академиктің сыныптасының немересі Елеухан Мирастың арнау әні өте әсерлі шықты. «Мен де сіздей білімді болып, 50 жылдан соң мектебіме оралсам» деген 1 сыныптың оқушысына атасы батасын берді. Кеш барысында Қазақ Ұлттық Техникалық университетітің студенттері мектеп түлектері Темірәліқызы Ақторғын, Ілесбек Әділет, Еркін Рамазандар мектеп бітіруші түлектерге оқу ордасы жайлы, студенттердің өмірі жайлы бейне шолу жасады және ұстаздары Т.Пентаевтың шығармашылығы жайлы, жастарға қамқорлығы жайлы айтып, академикке ізгі тілектерін жеткізді. Академикке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Қопабаев Ілесбек ағайының немересі, бұл күндері атасының шәкіртіне шәкірт болып отырған 2 курс студенті Ілесбек Әділет кеш қонақтарын Академиктің жұмыс күнімен таныстырып өтті. Осындай ұрпақ сабақтастығына куә болған кеш қонақтары ризалықпен қол соқты. Кеш қонақтары түрлі естеліктер айтып, Академикке тілектестік білдірді. Өз сөз орайында Т.Пентаев ауыл тұрғындарына, мектеп ұжымына рахмет айтып, мектеп түлектеріне ақыл кеңестерін айтты. Өз өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы қиындықтар мен мақсатқа жету үшін еңбектенуде талмау керектігін баса айтып өтті.Кездесуге келген қонақтар акдемиктің жастық шағынан естеліктер айтып, жастарға үлгі етті. Мектеп түлектері өздерін толғандырып жүрген сан сауалдарға жауап алды. Академик аталарының әңгімесінен оқу инемен құдық қазғандай қиын екенін, бірақ талаптансаң мақсатыңа жетуге болатынына көз жеткізгендерін жарыса айтып, алғыстарын білдірді. Академик ұшқан ұясына жеке кітапханасынан 200- ге тарта кітаптар сыйлады.Мектеп түлектеріне, кешке қатысқан бүлдіршіндерге жекелей сыйлықтар ұсынды. Өз орайында ауылдастары да Академикке ілтипат білдіріп, ағайындары ат мінгізіп, шапан жапты. Кеш қонақтары Т.Пентаев және оның жұбайы БибіМәриям апай кездесулер көп болатынын бірақ мынау туған жердегі кездесудің өте әсерлі өткенін айта келе мектеп директоры А.Күзенбаевқа, мектеп ұжымына, кешті ұйымдастырушыларға рахмет айтып, «Сәтбаев мектебінен шыққан әр шәкірт білім биігін бағындырып, ауылға Академик болып орала берсін» деген ыстық ықыласпен қимай қоштасып, естелікке суретке түсіп жатты.
View the embedded image gallery online at:
https://satbaevgm-sozak.edu.kz/janalic-satbaevgm/9773-mektep-bitirushi-t-lekterdi-mektep-t-legi-akademikpen-kezdesui.html#sigFreeId7068f9837c
https://satbaevgm-sozak.edu.kz/janalic-satbaevgm/9773-mektep-bitirushi-t-lekterdi-mektep-t-legi-akademikpen-kezdesui.html#sigFreeId7068f9837c