Мектептің қысқаша тарихы
Алғашқы мектеп 1927 жылы Қызыл отауда Ақтөбенің жанындағы сазда 2-3 киіз үй тігіп, ересек адамдарды сауаттандыру жұмысын жүргізуден басталды. Алғашқы ұстаз мектеп меңгерушісі Байымбетов Өтеп болды.
1935 жылы бастауыш мектептің меңгерушісі Байкенов мұғалімі Оспанова Құлқаныс апай болды.
1939 жылы орталау мектепке айналды. Директоры Төлегенов Жүніс болды. Бұл кезде Сәуірбек Бақбергенов қазақ тілінен сабақ берді.
1957 жылы мектеп орта мектепке айналды, директоры Қадырбаев Төлежан болды.
1964 жылы мектепке академик Қ.Сәтбаевтің есімі берілді, директоры Бектаева Зоя болды.
1967-1980 жылдары мектеп директоры Сабеков Орынбек болды.
1981-1992 жылдары мектеп директоры қызметін Айтбаев Бейбіт атқарды.
1983 жылы 5 желтоқсанда 1176 балаға арналған үш қабатты, жаңа типті мектеп пайдалануға берілді.
1992-2003 жылдары мектеп директоры Асқанбеков Созақбай болды.
1994 жылы 13 қыркүйекте аудан әкімінің қаулысы бойынша эскперименттік алаң ашылды.
1998 жылы 28 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру департаментінің № 296 бұйрығы бойынша бірінші басқышты гимназия статусы берілді.
2002 жылы 30 сәуірде «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі лицензиясы берілді.
2003-2019 жылдары білім мекемесін Тоқсанова Марал басқарды.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап мектепті Күзенбаев Айбар басқарып келеді.
Мектепті басқарған басшылар.
1936-1939 жылдары мектеп директоры Сағын Бұланбаев.
1939 -1940 жылдары Жүніс Тілежанов.
1940 -1943 жылдары Сейділдә Жақыпбеков.
1943 -1949 жылдары Айтжан Шүленбаев.
1949 -1951 жылдары Рақыш Сәтиев.
1951 -1955 жылдары Мұса Құсайынов.
1955-1957 жылдары Көпей Шерниязов.
1957-1959 жылдары Төлежан Қадырбаев.
1959-1960 жылдары Тұрар Рүстемов.
1960-1962 жылдары Жаппас Шөкеев.
1962-1964 жылдары Сейдахмет Абуов.
1964-1967 жылдары Бектаева Зоя.
1967-1980 жылдары Орынбек Сабеков.
1981-1992 жылдары Айтбаев Бейбіт.
1992-2003 жылдары Асқанбеков Созақбай.
2003-2019 жылдары Тоқсанова Марал.
Мектеп – гимназиясында қазіргі таңда 0-11 сыныптарда 634 оқушы оқиды. МАД тобы – 52, 1 – 4 сыныптар – 212, 5 – 9 сыныптар 280, 10 -11 сыныптар 90 оқушы оқиды.
Қазіргі таңда 79 педагог, оның ішінде 3 шебер, 25 зерттеуші, 17 сарапшы, 11 модератор білім беріп келеді.