"Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесінде мектеп жоспарына сай, биылғы жылдың 8-18 сәуір күндері аралығына белгіленген "Жаратылыстану-өмір тану, табиғаттың сырын табу” атты химия,биология және география апталығы болып өтті.
08.04 - Апталық салттанатты түрде ашылып,бірлестік жетекшісі апталық жоспармен таныстырды. "Табиғат-адамзаттың өмір нәрі" тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының көркемдеуімен қабырға газеттері шығарылды.
09.04- "Экоәлем" қолдан жасалған "Макеттер әлемі" 7-11 сынып оқушыларының қолданбалы материалдардан жасаған шығармашылық жұмыстарынан көрме байқауы ұйымдастырылды.
10.09 -"Тәжірибе- таным көзі" тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Ж.Абишованың жетекшілігімен зертханашы Р.Сабекованың 8-11 сынып оқушыларымен бірлескен зертханалық жұмыстарының көрсетілімі өткізілді.
11.04 - "Қызық екен" тақырыбы аясында биология пәнінің мұғалімдері Г.Смайлова және Ж.Атабекованың ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында интелектуалды танымдық ойын сабағы өткізілді.12.04- "Тұлға- мұражай төрінде” Қ.Сәтбаевтың бейнесі. Биология пән мұғалімі Л.Рысбекованың жетекшілігімен мектепішілік "Өлкетану" мұражайында саяхат сабағы болып өтті.15.04- "Жас географ" деген атаумен 9 сынып оқушыларымен география пәнінің мұғалімі Г.Рахимованың ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.
16.04- "Ой Like" пән мұғалімдері арасында интелектуалды ойын сайысы өткізілді.
17.04 - 7-9 сыныптар аралығында химия,биология,география пән мұғалімдерінің ашық сабақтары өткізілді
18.04 - "Өнерден жасыл әлемге" атты қорытынды концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, апталыққа белсене қатысқан,сайыс сабақтарда,танымдық ойындарда үздік деп танылған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
View the embedded image gallery online at:
https://satbaevgm-sozak.edu.kz/is-sharalar-satbaevgm/9776-zharatylystanu-mir-tanu-tabi-atty-syryn-tabu.html#sigFreeId1dee9a9edc
https://satbaevgm-sozak.edu.kz/is-sharalar-satbaevgm/9776-zharatylystanu-mir-tanu-tabi-atty-syryn-tabu.html#sigFreeId1dee9a9edc